
Дарындылар додасы өтті...
№49 орта мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Жыл оқушысы» сайысы өткізіліп тұрады. 17.05.2014 жылы мектебіміздің үздік оқушылары «Жыл оқушысы-2014» атағына ие болу үшін дарындылар додасына түсті.
№49 орта мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Жыл оқушысы» сайысы өткізіліп тұрады. 17.05.2014 жылы мектебіміздің үздік оқушылары «Жыл оқушысы-2014» атағына ие болу үшін дарындылар додасына түсті. Мамандық тақырыбына арналған сайыста оқушылар өздері таңдайтын мамандықтары туралы айтып, «Мамандықтар әлемінде» ертегісімен сайыстың шымылдығын ашты. Сайыс «Өзін – өзі таныстыру», «Менің қиялымдағы Қазақстан-2050» жоба сайысы, «Білімді мыңды жығар..», «Егер мен...» полиглот кезеңдерінен тұрды. Сайыстың ақтық кезеңіне барлығы 6 оқушы қатысып, нәтижесінде 9 «а» сынып оқушысы Рамазан Назым «Жыл оқушысы-2014» атанды. Ал 1-орынды 9 «ә» сынып оқушысы Жагслаг Кұнсұлу, 2-орынды 10 «ә» сынып оқушысы Мамбеталиева Аяжан, 3-орынды 10 «ә» сынып оқушысы Зекен Нұргүл жеңіп алса, 11 «а» сынып оқушысы Шаяхмет Гүлназ «Дарынды оқушы» номинациясына ие болды. Қатысушыларды қолдауға келгендердің арасында 9 «ә» сынып оқушылары ерекше көзге түсіп, «Үздік жанкүйер» номинациясын жеңіп алды. Оқушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.