Меню KDT

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"

"Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиыны болып өтті.


Биыл "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты мерекелік іс-шара екі күнге жоспарланды. Бірінші күні, 24 мамыр 1-6 сыныптар аралығында болды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Ш.Қ. Жакенбай құттықтау сөзімен бастап, үздік оқыған оқушылармен Республикалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады.  Республикалық Мағжан оқуларының ІІІ дәрежелі диплом иегері Сапиева Айғаным Несіпбек Айтұлының "Мәңгілік Ел белгісі" өлеңін оқып, мектеп оқушыларын рухтандырды. Жыл бойы мектебімізде "Үздік сынып", "Үздік оқушы" байқауы жарияланған. Байқау нәтижесінде "Үздік сынып" 6 "Ә" сыныбы  Бурабайға жолдама алса, "Үздік оқушы" 6 "Б" сынып оқушысы Асқаров Олжас атанды.
25 мамыр түлектермен қоштасу салтанаты болды. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Әбсәметов Марат Оралбайұлы-Міржақыптанушы Республикалық орталықтың бас директоры, Тойшыбеков Шыңғыс Талғарбекұлы-Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы мектеп оқушыларына жылы лебіздерін білдірді. Мектеп бітіруші түлертердің ата-әжелері немерелеріне ақ жол тілеп, баталарын берді. Түлектер атынан құттықтау сөзді 11 "А" сынып оқушысы "Алтын белгі" үміткері Распек Жанар алып, сыныптастарына сәт-сапар тілеп, ұстаздары мен ата-аналарына алғысын жеткізді. Сынып жетекшілері Жұмашева Рабиға Айтбайқызы мен Сапаргүл Мөшкеқызы шәкірттерінің үлкен өмірге аттаған қадамдарымен құттықтап, сәттілік тіледі. Соңғы қоңырауды 11 "А" сынып оқушысы Құлатаев Сұлтан мен 1 "В" сынып оқушысы Ақбердиева Айша соқты. Мектеп бітіруші түлектердің "Қоштасу вальсімен" мерелік іс-шара аяқталды.


       
            
 
          


Комментариев нет
Просмотров: 751
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.05.2014 в 00:00