
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Астана қаласы №52 мектеп-гимназиясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты мерекесі өтті.
Астана қаласы №52 мектеп-гимназиясында
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты мерекесі өтті. Жиынға Астана қаласы, Білім басқармасының маманы Каспакова Айна Аблановна, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі, Сауда-экономикалық колледжінің директоры Кужимов Мырзабек Тұрабекұлы қатысты.
![]() |
Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақұраны.
Мәртебесін көтеретін биікке,
Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзін мектеп-гимназия директоры Ұ.Байтасова ашып, түлектерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Балалық шақтан болашаққа бет түзеген 33 түлек сахна төрінен орын алып, өздерінің алтын ұя мектебіне деген ыстық ықыластарын білдірді.
Ата-аналардың ақ батасымен қортындыланып, түлектерге сәт-сапар жолданып, іс-шараның жалғасы мектеп ауласына шығып, үміт шарларын ұшырумен аяқталды.