Меню KDT

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» мерекесі

  Астана қаласы № 69 мектеп – гимназиясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау»  мерекесі өтті. 25 мамыр - соңғы қоңырау күні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні...  Өмір дарияның бастауы да адам баласы дүниеге есігін ашқан сәттен басталып, мектеп өмірі арқылы үлкен өмірге жолдама алады. Түлектер білім алған алтын ұяларымен қоштасып, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырды. Ал,  ата - ана кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ер жеткеніне қуанды... Сондықтан да мектеппен қоштасу сәті – адамның өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі күндердің бірі.


  Астана қаласы № 69 мектеп – гимназиясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау»  мерекесі өтті. 25 мамыр - соңғы қоңырау күні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу күні...  Өмір дарияның бастауы да адам баласы дүниеге есігін ашқан сәттен басталып, мектеп өмірі арқылы үлкен өмірге жолдама алады. Түлектер білім алған алтын ұяларымен қоштасып, ұстаздар сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырды. Ал,  ата - ана кешегі бірінші сыныпқа барған баласының ер жеткеніне қуанды... Сондықтан да мектеппен қоштасу сәті – адамның өміріндегі ұмытылмас, естен кетпес, ең елеулі күндердің бірі. Осындай мереке күні Білім және ғылым вице - министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы салтанатты іс - шараға қатысты. 
  Сондай - ақ,  Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Сматаева Бағлан Қасенқызы, Есіл ауданы әкімдігінің бас инспекторы Баймакашев Алкебатыр Серікұлы, гимназия ұжымы, ардақты ұстаздар, ата – аналар мен бітіруші түлектер қатысты.
 Мерекелік шараның беташарынан соң,  Білім және ғылым вице - министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Гимназия түлектерін құттықтай келген жас өнерпаздар: Аманбек Фариза, Сабиғат Ақжол, Айтбаева Сания, вокалдық топтың орындаған әндері көптің көңілінен шығып, үлкен қошеметке ие болды. Мерекелік шараға арнайы Білім және ғылым вице – министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының келуі ата - аналар қауымын да бір серпілтіп тастады. 
  Сахна төріне шыққан 11 сыныптағы қос бітіруші түлектердің әкесі Артыков Нұржан Асылбекұлы балаларының мүмкіндігі мол білім ордасында білім алғанына қуанышты екендігін атап өтті. Сөз соңында, азат елдің асқақ аспанының астында білім алып, өзара сыйластықтың құшағында өмір сүріп жатқан барша жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар қауымына шынайы алғыстарын білдірді. Жас түлек 11 «Ә» сынып оқушысы Бейсенов Амангелді мектепке, ұстаздарына және ата - аналарына деген жылы лебізін білдіріп, мереке түлектердің қоштасу вальсі мен аспанға шар ұшырудың орындалуымен аяқталды. 
  Көңілдері толқыған жас түлектердің әр қайсысының жанарында - жас, көңілдерінде - қимастық сезімі білініп-ақ тұрды... Салтанатты іс – шарадан кейін Білім және ғылым вице - министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы түлектердің соңғы сынып сағатына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді.

                            

                            

                            

                            

                            

                            


                            



Комментариев нет
Просмотров: 905
Автор: 69mektep
Сайт: 69school-gymnaziya.edu.kz
Добавлено: 26.05.2014 в 00:00