Меню KDT

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

 

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.


Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

            Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. 

            Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

            Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.  

             Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  жас  ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, балалардың  сапалы білім алып, үлкен азамат болулары үшін барынша   жағдай жасап отыр.

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – қаламыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді.

            Оқу  жылында  білім ордамызда   2310  оқушы  білім  алса, олардың  748  оқу  жылын   «үздік»,  957  оқушы  «жақсыға» аяқтап , ал 4  түлек  «Алтын  белгіге» үміткер.  Олар  Есен  Жәнібек, Тыныбек Ақгүл, Үсен  Диана, Ануарбеков  Рустем.

             Әр   оқу   жылы   өзіндік  тарихымен, өзіндік   сипатымен  ерекшеленеді.  Білім  мен  біліктілікті,  табандылык  пен  ерекше  жігерді  танытатын  жылдағы   дәстүрлі   пәндік   олимпиаданың  қалалық  кезеңіне 1,2,3  орын  алған 22 оқушы  қатысып, 20-сы жүлделі  орын  алса, 5  оқушы  республикалық  олимпиадаға  қатысты. Республикалық  олимпиада  жүлдегерлерінің  бірі 11 сынып түлегі - Сейфуллин  Бақдаулет.

            Алыс  және  жақын  шетелдерде, яғни, Ресей, Грузия, Индия мемлекеттерінде,  У.Жолдасбеков  атындағы  математика мен   механикадан оқушылардың ғылыми жұмыстары   IV Халықаралық   сайысына,  Байқоңыр  қаласында   өткен  «Білім  әлемін  ашамыз» Халықаралық  космостық  зерттеулер  ғылыми  жобасына мектеп  түлектеріміздің  18   қатысты.

            Соңғы қоңырау – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.  Кез-келген  мектептің  алтын  діңгегі – ұстаз.  Мектеп  қабырғасынан  орта  білім  құжатын   алып  шыққанша  бар  білімін, тағылымын, барлық   интеллектуалдық  мүмкіншілігін  оқушыға  жеткізу  жолында  алтын  уақытымен  санаспай   еңбек   етіп  келе  жатқан   ұстаздар: Н.А.Оразахынова, С.Т.Байниязова, А.Х.Хасенов,  Ә.Ғ.Мусабаева, Қ.Қ.Оразалина, Г.Ж.Тлебалдина, Ә.Ж.Азатова, М.М.Темирғалиева, Қ.Рахат, А.Е.Елмурзаева, Г.Бердібаева, Г.Амантаева, А.Абилова, А.Төлеген, М.Айдакпелова, Н.Нұрсапа, Әрін,  Р.Набиев, Ж.Е.Байтажикова, Т.Бейсекова, С.Ж.Толеубаева. 

            Еліміздің болашағы – жастардың қолдарында. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу   жолында жалықпай, талмай   ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларына  ізгі тілегімізді арнаймыз.



Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте үш тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіреміз.

Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!!!

 

 

Теги:  tylek,

Комментариев нет
Просмотров: 1272
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.05.2014 в 00:00