
"Жыл мұғалімі - 2014" сайысы өз мәресіне жетті
23.04.2014 жылы мектебімізде «Жаужүрек мың бала» фильмін түсірушілерден «Жыл мұғалімі – 1134 бала» триллері көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, кино тақырыбына арналған «Жыл мұғалімі -2014» сайысы өтті. Ақтық кезеңге жолдама алған 6 мұғалім «Өзін-өзі таныстыру», «Педагогикалық қызметті жарнамалау», «Педагогикалық жағдаяттар» кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, өздерін жан-жақты көрсете білді.
23.04.2014 жылы мектебімізде «Жаужүрек мың бала» фильмін түсірушілерден «Жыл мұғалімі – 1134 бала» триллері көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, кино тақырыбына арналған «Жыл мұғалімі -2014» сайысы өтті. Ақтық кезеңге жолдама алған 6 мұғалім «Өзін-өзі таныстыру», «Педагогикалық қызметті жарнамалау», «Педагогикалық жағдаяттар» кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, өздерін жан-жақты көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша география пәні мұғалімі Тегисхан Роза «Зерттеуші мұғалім», орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жванишева Майра «Жаңашыл мұғалім» номинацияларын алса, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Абилтаева Майра 3-орынды, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қасымханова Зура 2-орынды, бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Дина 1-орынды қанжығаларына байлады. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінде шаңқобызда ойнап көрермендерді таңқалдырған технология пәні мұғалімі Сыздықова Гүлмира «№49 орта мектептің жыл мұғалімі-2014» атағын жеңіп алды. Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Жыл мұғалімі – 1134 бала» фильмінің басты кейіпкерлері
«Өзін-өзі таныстыру» кезеңі
Тегисхан Роза
Ахметова Дина
Жванишева Майра
Қасымханова Зура

Сыздыкова Гүлмира
Абилтаева Майра
«Жыл мұғалімі - 2014» қатысушылары мен қазылар алқасы