Меню KDT

Қайырымдылық іс-шарасы

   Қайырымдылық іс-шарасы

    1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында мектеп-лицейіміздің оқушылары «Ана мен бала» ғылыми орталығына барып,қайырымдылық іс-шарасын өткізіп қайтты.Онкологиялық және түрлі науқаспен ауыратын балаларға сыйлықтар таратты. 


    Мектеп-лицейіндегі Балтабаева Мұңдық Зейнуллақызы басқаратын қуыршақ театры үйірмесінің кішкентай оқушылары «Шалқан» атты орыс ертегісін көрсетті. Ал кішкене көрермендердің  көңілді  қуанышты күлкісі залға жылулық сыйлады.Ғылыми орталықтың қызметкерлері өз тараптарынан ыстық ықыластарын білдіріп мектеп әкімшілігіне зор алғыстарын білдірді.Қайырымдылық іс-шарасына сондай-ақ, Әкелер кеңесі де атсалысып,өз сыйлықтарын тарту етті.Жалпы «Ана мен бала» ғылыми орталығына барып,мұндай іс-шаралар өткізу бірінші рет емес,бұған дейінде лицей оқушылары әр мерекеде науқас балаларға концерттік іс-шаралар ұйымдастыратын.






Комментариев нет
Просмотров: 494
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.05.2014 в 00:39