Меню KDT

Сыңғырла,соңғы қоңырау!

Сыңғырла,соңғы қоңырау!

      25 мамыр күні мектеп-лицейімізде соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Салтанатты жиынға арнайы қонақтар мен ата-аналар қатысып,өздерінің мектеп әкімшілігіне,ұстаздарына,түлектерге жүрек жарды тілектерін білдірді.Мектеп-лицейінің директоры Зауре Ғинаятқызы түлектерге ақжол тілеп,ұлттық бірығай тестілеуде мектеп пен ата-аналардың сенімдерін ақтауларына сенім білдіретінін айтты.
 


Биылғы оқу жылында 124 оқушы мектеп қабырғасынан ұшқалы тұр.Мектеп-лицейіміздің мерейін үстем етіп,ұстаздардың үкілеген үміттерін ақтағалы отырған 3 «Алтын белгі», 2 «Ерекше» аттестат белгісі бар.
Түлектердің қатарында мектеп-лицейіміздің мәртебесін асырып, білім көкжиегінде ірі жобалар мен үлкен сайыстарда жүлдегер атанып жүрген Халықаралық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары,қалалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары, сондай-ақ спорт саласы бойынша жетістіктердің иегерлері өте көп.









Комментариев нет
Просмотров: 366
Автор: 59mektep
Сайт: www.59.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.05.2014 в 01:01