
"Менің жарқын болашағым!" атты психологиялық тренинг
2014 жылдың 2-ші маусымда мектеп директоры 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ның алдында, түлектерді қолдау мақсатында дәстүрлі кездесу өткізді.
2014 жылдың 2-ші маусымда мектеп директоры 11 сынып оқушыларымен ҰБТ- ның алдында дәстүрлі кездесу өткізді. Мектеп директоры түлектерді қолдау мақсатында әр түрлі мысалдар келтіріп, ақыл-кеңестер берді. Оқушыларға ҰБТ-ден жақсы өтетіндеріне сенімділік білдіріп, оқушылар бойында жігерлікті арттырды. Мысал ретінде бейне фильм көрсетілді.
Директордың сөзінің түйіні: қандай жағдай болса да, оңды жақтарын іздеу керек. Әр адам өз мүмкіндіктеріне сену керек!
Одан кейін мектеп психологы "Менің жарқын болашағым!" атты психологиялық тренинг жүргізді. Тренингке 11-сынып оқушылары, мектеп директоры және пән мұғалімдері қатысты. Тренинг барысында "Достық торы" атты тренинг жүргізілді. Тренингке тор құру арқылы бір-біріне тілектер айтылды. 2-ші "Арман ағашым" атты тренинг жүргізілді. Ол тренингте оқушылар, мүғалімдер өздерінің алға қойған мақсат, тілектерін жазды. Жалпы оқушылардың, мұғалімдердің көңіл-күйлері көтеріліп, бір-біріне жақсы тілектер білдірді, алға қойған мақсаттарын да жазды. Түлектердің үлкен өмірге басқан қадамдарына нұр жаусың! - деп тренинг аяқталды.








Комментариев нет
Просмотров: 1520