
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу сынақтары басталды.
Кеше ғана, 25-мамырда әр мектептен түлеп ұшқан түлектер міне, ең жауапты сәтке келіп жетті. 11 жыл бойы жинаған білімдерін cынға салып, ұстаз қауымының еңбегін, ата-ананың үмітін ақтау сынды жауапкершілік сіздерге жүктелуде. №58 мектеп-гимназия ұжымы барлық түлектерге сәттілік тілейді! Ендеше, құрметті түлектер, осы ақ тілек сендерге арналады.
ҰБТ-да батыл болыңдар,
Білімге шынайы жақын болыңдар!
Алдағы сыннан сүрінбей өтіп,
Қуанышпен жарқын болыңдар!
Сәт сапар, жас түлек!

Комментариев нет
Просмотров: 456