
Астана қаласы №49 орта мектебі «Сыңғырла, соңғы қоңырау» мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиының өткізілуі туралы анықтама
Ағымдағы жылдың мамырдың 25 күні № 49 орта мектеп ауласында мектеп бітірушілерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиын өтті.
Ағымдағы жылдың мамырдың 25 күні № 49 орта мектеп ауласында мектеп бітірушілерге арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын мерекелік фанфармен басталып, мектеп бітірушілер шеруімен жалғасты. Шеруде 11 сынып оқушыларының аттары аталуымен қатар, олардың оқудағы, ғылыми ізденіс жұмыстарындағы, өнердегі және спорттағы жетістіктері аталып өтті. Шеруден соң негізгі бөлім басталды. Негізгі бөлімде Мемлекеттік Ту көтеріліп , Мемлекеттік Гимн орындалды. Мектеп директоры Д. М. Джумартова құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналармен мектеп бітірушілерді құттықтады. Салтанатты жиынға Астана қаласы Білім басқармасының маманы Джайлыбекова Дина Кабдешқызы қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі Сералина Динагуль Набиевна мектеп бітірушілерді құттықтап, 11 сыныптардың орта білім алғаны және мектепті бітіргені туралы мектеп директорының бұйрығын оқыды. Сөз кезегін одан әрі сынып жетекшілері мен ата –аналар жалғастырды. Салтанатты жиында Нурбол Балапановтың орындауында ән шырқалды. Сондай-ақ мектеп түлектеріне арнап 1 сынып оқушылары өз тілектерін жеткізді. 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына естелік ретінде альбом табыстады. Сонымен қатар мектеп бітірушілер 10 сынып оққушыларына «Білім кілтін» салтанатты түрде тапсырып, оларға алдағы уақытта оқуда , білім-ғылымда,өнерде жетістіктерге жетіп, мектептің мәртебесін биік ұстауға тілектер айтты. Соңғы қоңырауды соғуға 11 сынып оқушысы халықаралық сайыстың күміс иегері Алжанов Ержанат пен 1 «Ә» сынып оқушысы, оқу озаты Ахмет Назеркеге берілді.
Соңында мектеп бітірушілер мектебіне, ұстаздарына жылы лебіздері мен алғыстарын айтты, соңғы мектеп вальсін билеп, түрлі-түсті шарларға байланған «Болашаққа хат» тілектерін ұшырды.