
Ел рәміздері-Егемендік тірегі
Мектебімізде 9 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен осы тақырыпта салтанатты тізіліс болып өтті. Оған мектеп ұстаздары, 9 сынып оқушылары, мектеп жанындағы "Күншуақ" лагерінде демалыста жүрген бүлдіршіндер қатысты.
Салтанатқа қатысушылар мемлекет Гимнін асқақтата орындады. Мектеп директоры Ш.Жакенбай мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің Тәуелсіздігіміздің басты айғағы мен тірегі екендігіне тоқталды. Оқушылар ойларын ортаға салып, өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Әнді ерекше тебіреніспен жеткізген Әсем Тыштықбаева тыңдаушылар сүйіспеншілігіне ие болды.
Комментариев нет
Просмотров: 456