
Бар жақсылық балаларға
Балаларды қорғау күні мектебімізде жылма -жыл ерекше аталып өтеді. Дәл осы күні балаларымыз ерекше көңіл-күй кешіп, ата-аналары мен ұстаздарының махаббаты мен мейірім шапағатына бөленді.
"Тәрбие-ұлттық, білім-жаһандық" деген ұстаныммен жұмыс істеп жатқан мектеп педагогтік ұжымы ата-аналармен бірлесе отырып, оқушыларымыздың ізгілікті тәрбие, терең білім алып, Отан патриоты болып қалыптасуына мақсатты еңбек етуде. Мектебіміздің салтанат залында өткен мерекеден соң бүлдіршіндерді мектеп оқушыларын тамақтандыру қызметін көрсетіп жүрген ЖК "Жарова" ұжымының тәтті де дәмді тартулары күтіп тұрды. Асыр салып ойнаған, қуанышқа кенелген шәкірттеріміздің мерекесі Қаржы минстрлігінің жанындағы қалалық саябақта жалғасты.
С.Уәлиева - директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары
Комментариев нет
Просмотров: 428