
Дарынды балаларға арналған №9 "Зерде" мектебі 2013-2014 оқу жылы
Елдің ертеңі болатын білімді ұрпақ дейтін болсақ, мектепте 11 жыл бойы алған білімін бұл күні ҰБТ-мен анықтайды. Астана қаласының мақтанышына айналған Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің түлектері алған білімдерінің жүйелілігін үздіксіз дәлелдеп келеді.
Елдің ертеңі болатын білімді ұрпақ дейтін болсақ, мектепте 11 жыл бойы алған білімін бұл күні ҰБТ-мен анықтайды. Астана қаласының мақтанышына айналған Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің түлектері алған білімдерінің жүйелілігін үздіксіз дәлелдеп келеді. Өткен оқу жылында мектеп түлектері ҰБТ-да ортақ 116 ұпай жинаса, биылғы оқу жылының қорытынды сынағында да (ҰБТ-да) түлектеріміз жоғары нәтиже көрсетті. Мектеп қабырғасынан 28 түлек шықса, олардың төртеуі халықаралық ғылыми жобалар сайыстарында жүлдегер атанып мемлекеттік грантқа ие болды. Ал сынаққа кірген 24 оқушының 15-і «Алтын белгі» үміткерлері, бесеуі «Үздік аттестат» үміткерлері болатын. ҰБТ сынағының қорытындысы бойынша ұсынылған 15 «Алтын белгі» ақталып, мектеп мерейін өсіріп аспаннан «Алтын жауған күн» болды. Мектеп беделін жоғары көтерген түлектерге алдағы өмірде тек қана сәттілік, жетістіктер тілейміз.