Меню KDT

Соңғы қоңырау

Дарынды  балаларға арналған №9 «Зерде»  мектебінде  2014 жылдың 25 мамыр күні «Соңғы  қоңырау» мектеппен қоштасу кеші болып өтті.   Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері, түлектердің ата-аналары, мектеп оқушылары қатысты.


Дарынды  балаларға арналған №9 «Зерде»  мектебінде  2014 жылдың 25 мамыр күні «Соңғы  қоңырау» мектеппен қоштасу кеші болып өтті.   Мерекелік кешке мектеп мұғалімдері, түлектердің ата-аналары, мектеп оқушылары қатысты. Кеш қонағы ретінде мектебіміздің ата-анасы, қазақ эстрадасының жұлдызы Тамара Асар келді.  Кешті мектеп вальсінен бастаған түлектер ұстаздарына, ата-аналарына жүрекжарды тілектерін, шексіз алғыстарын білдірді. Мектеп директорының құттықтау сөзінен басталған кеш мектебіміздің ардагер ұстазы Уәли Екатерина   Жанғалиқызының түлектерге  бата беруімен аяқталды.  Біз де  мектеп бітіруші түлектерімізді үлкен өмірге алғаш  басқан  қадамдарымен шын жүректен  құттықтаймыз.  Түлектеріміздің ҰБТ-ден сүрінбей өтуіне шын жүректен тілектес бола отырып,   жарқын болашақ,  сәтті қадам тілейміз.


Мектеп ұжымы


























Комментариев нет
Просмотров: 513
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.06.2014 в 17:57