Меню KDT

Жұлдыздар шеруі – 2014

       Мектеп, мектеп білім берудің ордасы ғана емес. Сонымен қоса оқушыларды үлкен өмірге тәрбиелейтін орта. Яғни, зерде мектебінің алғырларының, жас дарындарының тек олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарда ғана емес,   үлкен өмірде де алда болатыны хақ.  2013 - 2014 оқу жылын  қорытындылау мақсатында  2014 жылдың 23 мамыр күні   «Жұлдыздар шеруі – 2014»  мерекелік іс – шарасы болып өтті.    


Мектеп, мектеп білім берудің ордасы ғана емес. Сонымен қоса оқушыларды үлкен өмірге тәрбиелейтін орта. Яғни, зерде мектебінің алғырларының, жас дарындарының тек олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарда ғана емес,   үлкен өмірде де алда болатыны хақ.  2013 - 2014 оқу жылын  қорытындылау мақсатында  2014 жылдың 23 мамыр күні   «Жұлдыздар шеруі – 2014»  мерекелік іс – шарасы болып өтті.     2013-2014  оқу жылының оқу озаттарын, «Алтын белгі»,   «Үздік куәлік»  үміткерлерін   директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байулова Гүлназия Сабырқызы  марапаттады.  5-10 сынып аралығында 75 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. 9 сыныптан 10 оқушы «Үздік куәлікке»,   11 сыныптан 5 оқушы «Қызыл  аттестатқа», 15 оқушы «Алтын белгіге» ұсынылды.  Қалалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Жәнібекова  Әлия Жәнібекқызы марапаттады. Қалалық олимпиадалар мен зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары мен   жүлдегерлері,  49 оқушы «Зерде жұлдызы»  медалімен және арнайы сертификаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталды.   Республикалық  және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  мектеп директоры   марапаттады. Мектебіміздің  25  оқушысы   арнайы сертификатармен және   «Зерде  жұлдызы - 2014»  арнайы сыйлығымен марапатталды.  Мектеп директорының  24 мамырдағы №58 бұйрығымен Халықаралық және Республикалық олимпиадалар, зияткерлік сайыстарда ерекше көзге түскен  оқушыларымызды тәрбиелеу мен білім беруде қосқан ерен еңбегі үшін мектеп мұғалімдеріне алғыс жаряланды, еңбек кітапшаларына енгізілді.   Мектебіміздің мерейін үстем етер дарынды, талантты оқушыларымыз бен білікті ұстаздарымыз көбейе берсін!












Комментариев нет
Просмотров: 610
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 10.06.2014 в 18:11