
«Бәйтерек» жазғы демалыс лагері
Мектеп жанынан құрылған «Бәйтерек» жазғы
Мектеп жанынан құрылған «Бәйтерек» жазғы демалыс лагерінің І маусым бойынша күнделігі
Бірінші күн02.06.14ж.
«1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күні»
Оқушыларды қабылдап алғаннан кейін ,таңертеңгілік жаттығулар жасалды.Таңғы астан кейін «Бәйтерек»жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүргізілді.Топ мүшелері лагерь ән-ұранын орындап,топ басшылары топты салтанатты жиынға әзірледі. Оқушылар сап түзеп жүріп, топтың атын,ұранын ,санамағын айтуды үйренді. Топ басшысы лагерьдің ашылу салтанатына топ мүшелерінің әзірлігін баяндап,рапорт беруге жаттықты. Балалар таза ауаға серуендеп, әр түрлі қимылды ойындар ойнады...
Түскі астан кейін қорытынды сап түзеу өтіп,ертеңгі күннің жоспары хабарланды.
![]() |
Екінші күн (03.06.2014 )
Маусым айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енеді.Таңертең тобымыздың балаларын жақсы көңіл-күймен қарсы алып,мектеп жанында орналасқан спорт алаңында жаттығу жасадық. Таңертеңгілік ас ішіліп болған соң,балаларды қалалық «ЖЕРҰЙЫҚ» саябағына апаратынымыз ескертілді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі біздің мектепте орналасқан «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагерінде барлық топтар табиғат аясына аттанды.
Саябаққа саяхат жасау
Мақсаты: Оқушыларды мәдени ортаға бейімдеу.
Мәдени ортада өз – өзін ұстай білуге үйрету.
Мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Балалармен « Жарақаттанудан сақ бол» атты әңгіме жүргізу. Сақтық шараларын түсіндіру. Балалар пікірін тыңдау.Саябақта түрлі топ жарыс ойындарын өткізіп тамашаладық.
* Балалардың көңіл-күйі жақсы. Балалар кез келген ойынға қызығушылықпен қарап, белсене араласып ойнады.Әсіресе,самырсынның бүршігін жинауда оқушылар бар ынта-жігерлерін жұмсай,білек сыбана кірісті.Топжарыс ойындары соңында жеңімпаз балаларды мадақтап, алғыс білдірдік . Балалардың көңіл-күйлері өте жоғары деңгейде болды. Саяхатымыздың соңына таман балалар өздері білетін өлеңдер, тақпақтар, билерін көрсетті.
![]() |
![]() |
![]() |
Мерекелік көңіл-күймен мектеп ішіндегі лагерьге қайттық.
Үшінші күн (04.06.2014 )
«Қазақстан рәміздеріне 22 жыл»
Балаларды қабылдап алғаннан соң, таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып рапорт берді. Жиын Қазақстан рәміздерінің 22 жылдығына арналды. Жиынға әр топ өздерінің рәміздер жайлы білімдерін көрсетіп, жаттаған ән, өлеңдерін айтты. Таңғы астан кейін балалар опера және балет театрына саяхатқа барып, көңілді демалып қайтты. Түскі астан кейін «Шар үрлеу» ойыны ойналып, балалар өздерінің жан-жақты шапшаңдығын, пысықтығын көрсетті. Түстен кейін жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
![]() |
Төртінші күн (05.06.2014 )
«Бақытты балалық шақ» лагердің ашылу салтанаты
Таңертеңгілік жаттығуды балалар музыка ырғағымен өте жоғары көңіл-күймен орындады. Таңғы жиын өткізіліп, бүгінгі күннің жоспарымен танысты. Таңғы астан кейін балалар лагерьдің ашылу салтанатына дайындықтарын пысықтады.
«Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Топ басшылары аға тәлімгерге топтың «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына әзірліктерін айтып, рапорт берді.
«Қазақстан ұлттық телеарнасы» лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, ашылу салтанатын түсіріп алды. Мектеп басшысы Ұлбосын Бекмырзақызы жас демалушыларды мерекелерімен құттықтап, жақсы демалуды, жақсы қыдыруды тіледі.
Түскі астан кейін «Таңғажайып арман!»атты асфальтта сурет салдан сайыс өтіп,біздің «Еркетай» тобының мүшесі Жаханша Сания әдемі суреті үшін II орынды жеңіп алып, мақтау қағазымен марапатталды. Түстен кейін жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Бесінші күн (06.06.2014 )
«Дені саудың – жаны сау» денсаулық күні
Оқушыларды қабылдап алғаннанкейін, таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Әр топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып рапорт берді. Балалар бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. Таңғы астан кейін балалар «Азия» паркке барып, кинотеатрға кіріп, мультфильм көріп, көңілді демалып қайтты. Түскі астан кейін топ ішінде «Кім білгір» сайысы өтті.Сайыс барысында балалар өздерінің жан-жақты білімдерін көрсетті. Топ ішінде Мейірханов Ердос «білгір» атанды. Түстен кейін жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, көтеріңкі көңіл – күймен үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Алтыншы күн (09.06.2014 )
«Сүйікті қалам- Астана» саяхат күні
Балаларды қабылдап алғаннан кейін, музыка ырғағымен таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Таңертеңгілік жиын өткізіліп, әр топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып, рапорт берді. Балалар бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. Таңғы астан кейін балалар «Атамекен» кешеніне саяхатқа барып, еліміздің тарихымен танысты.Ол жерде Қазақстанның әр қаласының кішірейтілген макеттерін көріп, тамашалады. Балалар еліміз жайлы білімдерін тереңдетіп, көңілді демалып, лагерьге қайтты. Түскі астан кейін, кешкі жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, көтеріңкі көңіл – күймен үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
«Қаламның көрікті жерлері» саяхат күні
Қабылдаудан кейін, балалар музыка ырғағымен таңертеңгілік жаттығулар жасады. Таңертеңгілік жиын өткізіліп, әр топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып, рапорт берді. Балалар бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. Таңғы астан кейін балалар «Балалар» қалалық саябағына, табиғат аясына демалуға барды.Спорттық сайыстар өткізіліп, өзара сайысқа түсті.
«Еркетай» тобы да өздерінің ептіліктерін көрсетіп, алдыңғы қатардан көріне білді. Түрлі ойындар ойнады, бұл демалыс балаларға өте қатты ұнады. Көтеріңкі көңіл-күймен лагерьге қайтты. Түскі астан кейін, кешкі жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, көтеріңкі көңіл – күймен үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
![]() |
«Лагерь рекордтары» күні
Таңертеңгілік жаттығулар жасалғаннан кейін, таңертеңгілік жиын өткізіліп, әр топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып, рапорт берді. Балалар бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. Таңғы астан кейін, оқушылар «Отан қорғаушылар» саябағына саяхатқа барды. Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы еске түсіріп, олардың ерліктеріне тағзым етті. Эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, әр топ сайысқа түсті. Ойын алаңында әр түрлі қызықты ойындар ойнады. Көтеріңкі көңіл-күймен лагерьге қайтты. Түскі астан кейін, кешкі жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, үйлеріне тарады.
![]() |
![]() |
Тоғызыншы күн (12.06.2014 )
Оқушыларды қабылдап алғаннан кейін, таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Әр топ басшылары аға тәлімгерге топтың таңертеңгілік жиынға әзірлігін айтып рапорт берді. Балалар бүгінгі күннің жоспарымен таныстырылды. Таңғы астан кейін балалар «Азияпарк» ойын-сауық кешеніне барып, кинотеатрға кіріп, мультфильм көріп, түрлі аттракциондарда ойнап, көңілді демалып қайтты.
Түскі астан кейін топтар арасында «Ән - көңілдің ажары» атты сайысы өтті. Сайыс барысында балалар өздерінің жан-жақты өнерлерін көрсетті. Топ ішінен Қаратай Жұлдыз би билеп, топ хормен «Домбырасыз ән қайда» әнін шырқады. Түстен кейін жиын өткізіліп, лагерь басшысы ертеңгі күннің жоспарымен таныстырды. Балаларға қауіпсіздік ережелері айтылып, көтеріңкі көңіл – күймен үйлеріне тарады.
![]() |
Оныншы күн ( 13.06.2014 )
«Қош, сүйікті лагерім» салтанатты жиыны
Оқушыларды қабылдап алғаннан кейін, таңертеңгілік жаттығулар жасалды. Таңғы астан кейін «Бәйтерек» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанатына және «Бәйтерек» жігіт сұлтаны, «Бәйтерек» аруы байқауына дайындық жұмыстары жүргізілді. Топтардан Тілеген мен Сания, Диляра мен Әлішер, Азат пен Жанар, Ақмоншақ пен Хамзат сынды арулар мен ханзадалар қатысты.
Сайысқа қатысқан арулар мен ханзадалар ерекше белсенділікпен дайындалып келген екен. Тартысты бәсекеде бас жүлдені қанжығаға байлаған жеңімпаздар Ақмоншақ пен Хамзат топтарына қуаныш және жеңіс сыйлады.
Салтанатты соңғы жиында топ мүшелері лагерь әнұранын орындап, топ басшылары топты салтанатты жиынға әзірледі. Оқушылар сап түзеп жүріп, топтың атын, ұранын, санамағын айтып, жаттықты. Топ басшысы лагерьдің жабылу салтанатына топ мүшелерінің әзірлігін баяндап, рапорт беруге жаттықты.
Балалар оқушылар сарайына барып, би билеп, ән айтып, әр түрлі қимылды ойындар ойнады... Түскі астан кейін қорытынды сап түзеу өтіп, балаларды көтеріңкі көңіл – күймен, келесі кездескенше аман – есен болыңдар деп, үйлеріне шығарып салдық.
![]() |
![]() |