
Армысың, жарқын ЖАЗ-2014!
Астана қаласы Білім басқармасына қарасты «Арман» спорттық сауықтыру лагері өз маусымын бастап кетті.
Астана қаласы Білім басқармасына қарасты «Арман» спорттық сауықтыру лагері өз маусымын бастап кетті.
13-маусым күні өткен лагердің ашылу салтанатына білім мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері шақырылды. Салтанатты жиынның құттықтау сөзін алған Білім басқармасы бастығының орынбасары Қ.Сенғазиев демалушыларды құттықтап, лагерь күндерінің қызықты өтуіне тілектестік білдірді.
Мерекелік сапқа тұрған 10 жасақ «Арман» лагерінің туын көтеріп әнұранды шырқады. Демалушылар музыка мектебінің жас әншілерінің өнерлерін тамашалады. Сап түзеу соңы 300 демалушы жеткіншектердің бір мезгілде флеш мобқа тұруымен және қадірлі қонақтардың алғыс, ризашылық білдірулерімен аяқталды.
Ендеше, жайдарлы жаз балалардың көңілінде жақсы естелікпен қалады деп сенеміз!
![]() |
![]() |