Меню KDT

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


72 жыл бұрын (1940) «Шығыс сақинасы» жол құрылысы басталды (Шығыс Қазақстан облысы).

18 жыл бұрын (1994) Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды.

16 жыл бұрын (1998) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

11 жыл бұрын (2001  20 мамыр - 5 маусым) Қазақстанда алғаш рет шахматтан халықаралық супертурнир өтті.

6 жыл бұрын (2006) Сочиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.

13 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Байланыс туралы» Қазақстан Заңы жарық көрді

12 жыл бұрын (2000) «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

7 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың заңнамасы негіздерінің мәртебесі, оларды әзірлеу, қабылдау және іске асыру тәртібі туралы шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.

ЕСІМДЕР

37 жыл бұрын (1975) ҚР Прзиденті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның жас ғылымдар сыйлығының лауреаты МАЙЛЫБАЕВ Бағлан Асаубайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірген, журналист. 4 монографияның, шетелдерде және қазақстандық басылымдарда жарық көрген 150-ден астам ғылыми көсемсөз мақалалардың, бірқатар көркем әңгімелердің авторы. Бірқатар тележобалардың, деректі фильмдердің жетекшісі және авторы.   

1998 жылдан ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ мемлекеттік университетінің оқтушысы. 2002 жылғы ақпаннан ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің директоры. 2002 жылғы мамырдан «Казахстанская правда» республикалық газеті» ААҚ президенті. 2003 жылғы қыркүйектен «Заң» акционерлік компаниясының («Юридическая газета», «Заң газеті») президенті. 2004 жылғы желтоқсаннан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі. 2008 жылғы қазаннан  ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы.  2008 - жылдан ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2009 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қазаннан бері.

 «Құрмет» орденімен марапатталған.

94 жыл бұрын (1918-1995) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӘШІМБАЕВ Түймебай дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталған жылы «ұлтшыл» деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  1958 жылдан Экономика институтының ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болған. Әшімбаевтың ғылыми еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жетілдіру және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарылымы және қор сыйымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы  басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу,  республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Ғалымның 350-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 17-і монографиясы жарық көрген.


Комментариев нет
Просмотров: 351
Автор: 51mektep
Сайт: www.51.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.05.2014 в 11:26