
«Сағынады Мұқаңды, сыздап жүрек!»
Колледждің мәжіліс залында «Сағынады Мұқаңды, сыздап жүрек» атты музыкалық әдеби-сазды кеш өтті. Бұл шараның құрметті қонақтары:
Колледждің мәжіліс залында «Сағынады Мұқаңды, сыздап жүрек» атты музыкалық әдеби-сазды кеш өтті. Бұл шараның құрметті қонақтары: Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссеры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ұзақов Болат Қасымжанұлы, актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Гүлбаршын, актер Төленбаев Жанқалдыбек. Колледж студенттері Мұқағалидің сүйікті өлеңдерін «Ғашықпын», «Поэзия», «Арыз жазып кетейін», т.б. мәнеріне келтіріп оқып, ақынның сөзіне жазылған «Сарыжайлау», «Есіңе мені алғайсың» сияқты әндерін орындады, бейнежазбалар көрсетілді. Театр актерлері Қылышбай Гүлбаршын – Лашын рөлін, Төленбаев Жанқалдыбек - Мұқағалиді «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін» үзіндісінде шеберлікпен сомдады.


Теги:
div,
Комментариев нет
Просмотров: 709