
Аттестат беру салтанаты
Аттестат беру салтанаты
18.06.2014 күні Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағанбетов "Алтын белгі" иегерлерін марапаттап,құттықтады.Осы айтулы күні Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің "Алтын белгіге" үміткер 3 оқушысы: Құрбанбай Индира, Айтжанова Камила, Илясова Баян-сұлу ҰБТ қорытындысында "Алтын белгілерін" ақтап,лицейіміздің мерейін үстем етті.
18.06.2014 күні Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағанбетов "Алтын белгі" иегерлерін марапаттап,құттықтады.Осы айтулы күні Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің "Алтын белгіге" үміткер 3 оқушысы: Құрбанбай Индира, Айтжанова Камила, Илясова Баян-сұлу ҰБТ қорытындысында "Алтын белгілерін" ақтап,лицейіміздің мерейін үстем етті.Бұдан соң салтанатты аттестат тапсыру рәсімі мектеп-лицейінде өз жалғасын тапты.Қалалық мәслихаттың депутаты, мектеп – лицей директоры З.Ғ.Жусупова мектеп бітіруші 124 түлекке ҰБТ қорытындысының сертификаты мен орта мектепті бітіру туралы аттестаттарды табыс етті. Сөз соңында мектеп-лицейінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, сонымен бірге үлгілі тәртібі мен жақсы тәрбие беріп тәрбиелеген ата-аналарға алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты жиынға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері А.Қ.Мұқанова, «Әкелер Одағының» мүшесі «Құрметті Әке - 2014» атағының иегері Қ.Қ.Қыстықбаевтар қатысып мектеп түлектерін айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ ата-аналар мен түлектер мектеп ұжымына өздерінің алғыстарын білдірді.





Комментариев нет
Просмотров: 562