Меню KDT

Мектеп жанындағы «Балдаурен-2014» жазғы лагерінің ашылуы

Мектеп жанындағы  «Балдаурен-2014»   жазғы лагерінің ашылуы


      2014 жылдың маусым айының 2-і күні Астана қаласы №49 орта мектеп жанындағы «Балдәурен-2014» жазғы лагерінің І-маусымы салтанантты түрде ашылды. Лагерьдің ашылуын асыға күткен оқушылар театралдық көріністі тамашалап, өз ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жасырмады және ән шырқап, әуен ырғағымен «Flash mop» биледі. Балалар топтарға бөлініп, өз тәрбиешілерімен танысты. «Балдәурен-2014» лагеріндегі «Балапан», «Қарлығаш», «Айгөлек», «Жұлдыз», «Жас тілшілер», «Полиглоттар» және «Жас информатиктер» топтарының тәрбиешілері балаларды лагерьдегі күн тәртібімен, өмір қауіпсіздік ережелерімен, топтың ұранымен және топтың әнімен таныстырды.


       Лагерьдің ашылуына аранайы шақыртылған «Асылай» театры ертегі кейіпкерлерінің қызықты ойындарымен, билерімен балалардың көңілдерін көтеріп, ықыласына бөленді.



Комментариев нет
Просмотров: 476
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.06.2014 в 00:00