Меню KDT

Астана қаласы №49 орта мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы лагерінің

Астана қаласы №49 орта мектебі жанындағы

«Балдәурен» жазғы лагерінің

І және ІІ маусымдағы есебі

/2013-2014 оқу жылы/


Астана қаласы №49 орта мектебі жанындағы
«Балдәурен» жазғы лагерінің
І және ІІ маусымдағы есебі
/2013-2014 оқу жылы/
Жазғы уақытта оқушылар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыс, қадағалаусыз қалудың алдын алу, мектеп оқушыларының шығармашылық дамуын, білім ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуы мен еңбекпен қамтылуын сапалы ұйымдастырылу және өткізу мақсатында мектеп жанында «Балдәурен» лагері жұмыс жасады.
І-майсым 2-13 маусым аралығында, ІІ-маусым 16-27 маусым аралығында өткізілді.
Оқушылар үшін 7 ойын кабинеті, 1 медициналық кабинет, кинозал, денсаулық бұрышы, жолдан, судан, өрттен, темір жолдан сақтану бұрышы жасалынып, оқырмандар орталығы жабдықталды.
Лагерь демалушылары арнайы бөлінген мектеп автобусымен бекітілген маршруттар бойынша саяхаттарға, экскурсияларға барып, лагерьдің күн тәртібіне сай әр түрлі іс-шаралар, жарыстар, психологиялық тренингтер, спорттық ойындар өткізілді. Лагерьдің күн тәртібі:


8.30 - 8.45 «Қайырлы күн, жас өрен!»
(Оқушыларды қарсы алу)
8.45 - 9.00 «Шынықсаң шымыр боласың!»
(Ертеңгілік жаттығу)
9.00 - 9.30 «Тәбетіңіз ашылсын!»
(Таңертеңгі ас)
9.30 - 10.00 «Бой жазайық, кел, ойнайық!»
(Сергіту ойындары)
10.00 - 12.30 «Алтын қамба – алтын уақыт!»
(Сайыстар, жарыстар, саяхат)
12.30 - 13.30 «Асыңыз бойыңызға жұғымды болсын!»
(Түскі ас)


«Асқақта биікте жыр-әніміз, «Балдәурен» бақытты ұланымыз!» ұранымен лагерь демалушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мұражайына және Астана қаласының №1 Өрт сөндіруші бөлімшесіне экскурсияға, «Аружан» ойын-сауық кешеніндегі «Star Play» ойын орталығына, «Mega» ойын-сауық орталығындағы «Skala» скаладромына, «Сары-арқа» сауда орталығындағы «Kinopark 8» кинотеатрына, «Арсенал» кинотеатрына, «Думан» ойын-сауық орталығында орналасқан «Джунглий» аниматроникс театрына, «Алау» мұз айдынындағы аквапаркке, «Алатау», «Динамо», «Қазақстан» спорттық кешендеріндегі және М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайындағы бассейндерге шомылып, Шұбар өңіріндегі «Жасыл аймаққа» саяхатқа шықты.
І-маусымда 170 оқушы, ІІ-маусымда 165 оқушы демалды.
Мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің басшысы – А.С.Темірбаева, әлеуметтік педагог – З.Х.Искакова, медбике – К.М.Қапар, музыкант – Г.Қ.Қарашаева, жаттықтырушы – Б.Қойшыбай және топ тәрбиешілері қызмет атқарды. Топ тәрбиешілері:
1. «Балапан» тобы : З.Т.Муслимбекова, А. Жандарбек
2. «Қарлығаш» тобы : Ұ.О.Өнербай , Г.М. Иман
3. «Айгөлек» тобы : Г.Ж.Боранова, Қ.Ж. Ащербаканова
4. «Жұлдыз» тобы : А.У.Абдразахова, Т.Г.Борина
5. «Полиглот» тобы: Г.А.Тымбаева, Ш.Қ.Өтеш
6. «Жас тілшілер» тобы: М.Н.Байымбетова, А.К.Маханбаева
7. «Жас информатиктер» тобы : А.А.Абдраманова, Г.Сейітхан.

Лагерь демалушыларымен «Денсаулық - зор байлық», «Елімнің жүрегі - Елорда» танымдық сабақтар жүргізіліп, «Бақытты балалық шақ» және «Астанаға 16 жыл» тақырыбындағы асфальтта сурет салу сайысы, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» эстафеталық жарыстар, «Кел, билейік!» би сайысы, «Қол өнер», «Сәнді киім үлгісі-2014», «Қызықты фигуралар», «Сәнді шаш үлгісі-2014» сайыстары өткізіліп, ерекше көзге түскен балалар жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталынды.
Лагерьде демалу уақытында оқыс оқиғалар орын алған жоқ.
Лагерь басшысы А.С.Темірбаева


Комментариев нет
Просмотров: 814
Автор: 49mektep
Сайт: www.49.astana-bilim.kz
Добавлено: 30.06.2014 в 16:55