№ 58 мектеп-гимназия ұстаздары «Атамекен» этномемориалдық кешенінде өткен Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты
2014 жылдың 4 шілде күні «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі болып өтті.
«Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі Астанамызға биыл 16 жыл толады. Осындай тарихтағы қас қағым уақытта зор жетістіктерге жеттік. Болашақты бағдарлап, Есілдің бойында ел қондырған еңбегіміз ақталды. Астана татулық пен тұрақтылықтың құтты ордасына айналды. Қазір елорда Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үрдістің бесігі болып отыр. Бұл ел тарихына, елорда жылнамасына жазылатын белгілі оқиға. Елорда мерекесі қарсаңында мемлекеттік туымызды көтеру рәсімі біз үшін осындай табыстың бірі. Бүгінгі салтанатты шара Астанамыздың өзіндік төл дәстүрі ретінде қалыптасып, жыл сайын өткізіледі», - деді Н.Назарбаев.
Салтанатты мерекеге біздің ұстаздарымызда қатысты.
Мемлекеттік тудың көтерілуі арқылы дәстүр бойынша Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталады.
Астана күні мерекесі құтты болсын!

Комментариев нет
Просмотров: 619