
Ұлылар мекеніне саяхат
Ұлылар мекеніне саяхат
«Республикалық ХV Абай-Шәкәрім оқуларының» ІІ (қалалық) кезеңінің І орын жүлдегері Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Несіпбек Ұлан «Ұлылар мекеніне саяхат» сапарына барып келді.
Ұлылар мекеніне саяхат
«Республикалық ХV Абай-Шәкәрім оқуларының» ІІ (қалалық) кезеңінің І орын жүлдегері Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Несіпбек Ұлан «Ұлылар мекеніне саяхат» сапарына барып келді.
Саяхатшылар құрамында зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ақындар, БАҚ өкілдері, «Республикалық ХV Абай-Шәкәрім оқуларының» ІІ (қалалық) кезеңінің жүлдегерлері және жүлдегер оқушылардың жетекші мұғалімдері болды.
Сапар барысында М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі басты кейіпкер Ғазиза қыздың зираты, Күшікбай кезеңі, Күшікбай батыр зираты, Күшікбай бұлағы, Еңлік-Кебек, Ералы жазығы, Ақшоқы, Құнанбай қажы және оның ұрпақтарының қорымы, Жидебай бағыты бойынша экскурсия жүргізілді.
Абай-Шәкәрім кесенесі басында ұлы тұлғаларға тәу етіп болғасын, саяхатшылар амфитеатрға жиналды. Ақындар өлең оқып, ғалымдар Абайтану ғылымының мәселелеріне тоқталды, «Республикалық ХV Абай-Шәкәрім оқуларының» жүлдегерлері өнер көрсетті.
Саяхатшылар арасынан «Республикалық ХV Абай-Шәкәрім оқуларының» ІІ (қалалық) кезеңінің І орын жүлдегері, №52 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Несіпбек Ұлан (жетекшісі Сапарбаева Р.Т.) өз шығармашылығынан А.Құнанбаевқа арнаған «Тілек», «Тағзым» және «Мен қазақпын», «Менің елім» өлеңдерін оқыды. Жас талантқа риза болған Абай қорының президенті, Абайдың жиені, Абай ауданының және Семей қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисті Ерсәлімов Балтабек Бәзілұлы батасын берді.
Бұдан кейін саяхатшылар Бөрілідегі М.Әуезов мұражайына экскурсия жасап, Семейге бағыт алды.
Ұлы сапардан рухы биіктеп, ой-санасы қазыналы, жан-жақты олжалы, ерекше әсермен оралған Несіпбек Ұлан: «Біз Абай Құнанбаев жүрген жерлермен жүріп өттік. Мүмкін ұлы ақынның басып өткен бір ғана ізіне болса да менің табаным тиген шығар деген оймен Ұлылар мекенінен жігерленіп, қуаттанып келемін. Осы сапарға шыққаныма ризамын, өзімді бақытты сезіндім. Әсіресе, ақын, жазушы, ғалым, журналист аға-апалармен бірге жүрген, сұқбаттасып, әңгіме-кеңестерін тыңдаған сәттер есімнен шықпайды. Барлық сапарластардан қолтаңба алдым, ақын аға-апалар қадамың сәтті болсын деп қалың дәптеріме ізгі ниетпен бата, тілектерін жазып берді, міндетті түрде достарыма, мұғалімдеріме, туыстарыма мақтанышпен көрсететін боламын. «Ұлылар мекеніне саяхат» сапарына болашақта тағы да шыққым келеді», - дейді.
![]() |
![]() |
![]() |