
«Жақсылық – жан шуағы»
Акция еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде өтеді. Ағымдағы жылы республикалық акция «Балаға мейірім сыйла!» осындай ұранмен бастау алды.
Акция еліміздің барлық аймақтарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде өтеді. Ағымдағы жылы республикалық акция «Балаға мейірім сыйла!» осындай ұранмен бастау алды. Акция мақсаты – жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан балаларды, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындарды мектепке дайындау.Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні Астана қаласының маслихат депутаты Ким Алмаз Филиксовичтің демеушілігімен №52 мектеп-гимназиясындағы аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасының балаларына мектепке қажетті оқу –құрал жабдықтар мен портфельдер табыс етілді.
![]() |
![]() |
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс- адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық.