Меню KDT

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

 «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізу мақсатында арнайы бұйрық негізінде мектепішілік жұмыс жоспары жасалып бекітілді.

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізу туралы ақпараттық стенд дайындалды. Стендте акцияға қатысты мәліметтердің бәрі жазылып, мектептің сайтына қайырымдылық акция бойынша демеушілік, шефтік ұйымдарға ақпарат берілді.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу аясында қайырымдылық көрсетуге бірнеше мекемелерге үндеухат жіберіліп, демеушілер ұйымдастырылды.

Қайырымдылық көмек көрсетілетін оқушыларды анықтау мақсатында, мектепте білім алушы 1-11 сынып оқушыларының жанұя жағдайы бойынша толық мәліметі алынды. Әлеуметтік педагог, мектеп психологы және сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы зерттеліп, көпбалалы отбасы, аз қамтылған отбасы қатарындағы оқушылар, жетім балалар, оралман, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тиісті құжаттары жинақталып, көмек көрсететін оқушылар тізімі анықталды.

 


Есіл ауданы әкімдігіне  «Мектепке жол» акциясы бойынша жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасы, мүгедек балаларға қайырымдылық көмекке 15 оқушының тізіміне сұраныс жіберілді

Есіл аудандық «Нұр Отан» филиалына қайырымдылық көмекке 50 оқушының тізімі ұсынылды. /жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасы, мүгедек балалар/ Осы оқушылардың құжаттары тексеріліп, қабылданды.

Акция барысында мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, ата-аналардан топ құрылып, оқушылар көп шоғырланатын жерлерге рейдтер жасалынды, келеңсіз жағдайлар байқалынған жоқ. Сонымен бірге аула бойынша ұйымдастырылған тексерудің қорытындысы бойынша сабақтарға дәлелсіз себептермен бармай отырған балалар кездеспеді.

Жалпыға міндетті оқу қоры қаражаты есебінен әлеуметтік жағдайы бойынша жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 оқушыға 110000 / жүз он мың/ тг көлемінде білім алуға қажетті оқу-құрал жабдықтарынан көмек көрсетілді.

Әлеуметтік жағдайы бойынша көмек қажет ететін көпбалалы отбасы балаларына сұраныс бойынша «Нұр Астана» мешіті ұжымы тарапынан 16 балаға мектеп сөмкесі  құрал-жабдықтарымен берілді және осы балалардың ішінен мектеп формасын алмаған 6 оқушыға мектеп формасының ақшасы берілді. /Әр оқушыға он сегіз мың теңгеден берілді.



ИП «AZ company» фирмасы» тарапынан тұл жетім бір оқушыға мектеп формасы толық комплект түрінде (жейде кеудешесімен, шалбар, жеңі ұзын және қысқа көйлек) берілді. /Отыз мың теңге/. 


 Осындай игі шаралар мектебімізде алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз!

Теги:  mek_jol,

Комментариев нет
Просмотров: 839
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.08.2014 в 00:00