Меню KDT

1 қыркүйек - Білім күні

Астана қаласының  №68 орта мектебінде «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті.
Мерекеге ҚР Білім және Ғылым министрлігінің мемлекеттік тарих институтының қызметкерлері т.ғ.д., профессор Қарасаев Ғайни Мұқашұлы мен т.ғ.д., доцент  Дүйсенов Сейтқали Жақияұлы  қатысты.
Алдымен сөз алған мектеп басшысы Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы, салтанатқа қатысушыларды құттықтап, мектеп оқушыларына сәт сапар тіледі.


Сондай-ақ, салтанатты мерекеге арнайы шақырылған еңбек ардагері оқушыларға ақ батасын берді.
 Алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 11 сынып оқушысы Серікбаев Олжас пен 1 сынып оқушысы Жанат Нұрайға және 11 сынып оқушысы Мажит Анельмен 1 сынып оқушысы Сипат Ерасылға тапсырылды.
Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.
«Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында өткізілген кездесуде 10-11 сынып оқушылары зор белсенділік танытты. Орнымен көрсетілген бейнекөріністер, фильмдерден үзінділер іс-шараның жоғары деңгейде өтуінің алғышартындай болды.
       
 


Комментариев нет
Просмотров: 507
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2014 в 00:00