Меню KDT

«Біздің болашағымыз жастардың – қолында» тақырыбы бойынша балаларға патриоттық тәрбие беру.

2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйегінде -Астана қаласының №55 орта мектебінің 6-сыныптарында  Білім күні мерекесіне орайластыра отырып «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттары  өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру. Қазақ елінің   өркендеу көрініс әңгімелеу арқылы өз Республикасы  өмірі туралы білдімдерін кеңейту.

Тәрбиелігі: «Біздің болашағымыз жастардың – қолында» тақырыбы бойынша балаларға патриоттық тәрбие беру.

Сынып жетекшілер сабақ барысында Қазақстан-2050 Стратегиясының мән-маңызын түсіндіре отырып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік жетістіктері жайында ой қозғап, жаңа оқу жылының мақсат міндеттерімен таныстырды.


Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында

-         «Қазақстан - 2050» Стратегиясының –Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне кіруге;

-         Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;

-         Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету;

-         Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.

Сабақ соңында оқушылар «Жаңа әлемдегі- жаңа қазақстанды» қалай елестетесіңдерін соны сурет арқылы бейнеледі.











Комментариев нет
Просмотров: 499
Автор: 55mektep
Сайт: www.55.astana-bilim.kz
Добавлено: 02.09.2014 в 16:51