Меню KDT

БІЛІМ КҮНІ

 №52 мектеп-гимназиясында 2014-2015 оқу жылының  алғашқы БІЛІМ КҮНІ мерекесі «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» тақырыбымен өтті.


№52 мектеп-гимназиясында 2014-2015 оқу жылының  алғашқы БІЛІМ КҮНІ мерекесі «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» тақырыбымен өтті.

Еліміз «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» қазақстандық  даму жолында келеді. Біз  Мемлекет басшысыныңҚазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінің саяси бірізділігін көреміз.      Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортаққұндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің біздің ортақүйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі! Астана – тәуелсіздігіміздің жарқын бейнесі! Биылғы жылтарих сахнасына елордамыздың 15-жылдығы,  Ата Заңымызға - 20 жыл және Кеңестер халқының Ұлы Отан соғысындағы  Жеңісінің 70 жылдығымен  сол сияқты еліміз  «ЭХРО-17» жаһандық  көрме өткізуге қызу дайындықпен ерекшеленіп отыр.

Білім күніне арналған жиында мектеп-гимназия  оқушылары ҚР Мемлекеттік Туына сап түзеп, асқақ  Әнұран орындалғаннан кейін мектептің жарқын жұлдыздары, Болгария республикасының Приморск қаласында өткен «ЕВРОГРЕЙД-2014» өнер фестивальіне қатысып, Гран-при жүлдесімен оралған,    Астана қаласында дәстүрлі өтетін Дельфийлік ойындардың бірнеше дүркін Алтын, Күміс жүлдегері «Жас екпін» оркестрі, /жетекшісі ҚР білім беру ісінің үздігі Ақшагүл Мұқанқызы/орындаған Құрманғазының «Балбырауын» күйі  оқушыларды  ерекше күйге бөлесе,  халықаралық «Бозторғай» сайысының бас жүлдегері,  халықаралық вокалдық «Золотой микрофон» сайысының 2-орын,  республикалық «Айгөлек»  тележобасының 2-орын жүлдегері      Өтегенова  Жанайкерім әніне қошеметпен қол соғылды.

 Салтанатты жиынның сөз басын №52 мектеп-гимназия директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы ашып, 2014-2015 оқу жылына мектеп-гимназия дайындығы туралы айта келіп, бүлдіршіндерге сәтті жол тіледі. 


Тұңғыш рет тақпақ айтып шыққан бүлдіршіндер қойған «Оқуда озат боламын» би композициясына көпшілік ризалығын білдірсе, 11-сынып оқушыларының «Мектеп вальсі» ерекше толқыныспен өтті. Иә, біз де мектебіне  БІЛІМ САҒАТТАРЫНА асыққан оқушыларға

Өмір бойы мектебімді жыр етем, Бір өзіңде бақыт, бірлік, берекем. Шәкірттеріңөрістесін, өрлесін,Құтты болсын Білім күнің –мерекең!» - дей отыра,

Мерекелеріңіз  құтты болсын демекпіз! Салтанатты іс-шараға  1-11 сынып оқушыларынан 1580 оқушы қатынасты.

 

                Тәрбие ісі орынбасары                                                                Л.Аппазова




Комментариев нет
Просмотров: 845
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.09.2014 в 10:28