Меню KDT

Олимпиада күні

6 қыркүйек күні мектебімізде "Олимпиада күніне" орай спорттық іс-шара өткізілді. Оған мектеп оқушылары, ұстаздар, қызметкерлер белсене ат салысты.


Жеңіл атлетикадан 5-8 сынып оқушылары 60м, 9-11 сынып оқушылары 100м қашықтыққа жүгірсе, жеңіл атлетиканың кросс түрінен 5-6 сынып 1000м, 7-8 сынып 1500м, 9-11 сынып 2000м қашықтыққа жүгіруден сайысқа түсті. Сонымен қатар, волейбол, баскетбол ойындары бойынша қыздар және ұлдар арасында, футболдан 5-11 сыныптың ұлдар арасында жарыс өткізілді.
Спорттық іс-шараның соңында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен сыныптарды марапаттау рәсімі өткізілді.
   


Комментариев нет
Просмотров: 516
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 06.09.2014 в 00:00