Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция
Күні кеше талаптың жетегімен арманның биігіне ұмтылған ұландарымыз биыл да білім алатын алтын ұяларының табалдырығын аттады.
Білім күні сабағының тақырыбы келешектің жарқын болуы жолындағы «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясына арналды. Осы айтулы құжатта «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» делінген.
Осы мақсатта болашақты бекемдеп, келешекті кемелету ісіндегі мектептің міндет- мақсаттары өз шешімін тауып отыр.

Жаңа оқу жылын мектебіміздің директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, білім үздігі Зәуре Жақанқызы ашып, салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Нұр Отан" халықтық партиясының өкілдіріне сөз берді. Қонақтар өнерлі, білімді өрендерді жинаған білім ордасына сәттілік тілеп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге талпынып отырған елімізге үлес қоса беруге тілектестік білдірді.
Жаңа оқу жылы құт болсын
Ізгілік аты жағылсын
Бөбек пен түлек жұп болып
Алғашқы қоңырау қазылсын
деген жүргізушілер сөзінен соң, алғашқы қоңырау соғу үшін ортаға 1-сынып оқушылары Қалимат Нұрбол мен Құдабай Жансая және 11–сынып оқушылары, оқу үздіктері Амантай Айнұр мен Мақсұтов Мақсат шақырылды.
Салтанатты кеш соңы өнерлі балалардың ән – жырына ұласып, патриоттық тақырыптағы шығармалар орындалды.