Меню KDT

1 сынып ата-аналарына психологиялық көмек


Қазақстандық отбасылардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, отбасы проблемаларына назар аудару   – мемлекеттік  басым бағыттардың бірі, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі! 
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында 14 қыркүйек күні сағат 10.00-де  мектебіміздеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің  ата-аналарына арналған  «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында  республикалық  конференциясы өтілді.  
«Нұр Отан» партиясының атынан  ата-аналар жиналысына «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының  өкілі М.Е.Сералиев қатысып,  жиналысқа қатысушы ата-аналарға құттықтау лебізін білдірді. Мектеп директоры Умарова Алма Қайрбулатқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің вице-министрі Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының,  Отбасылық Тәрбиелеу Институтының атынан  сәлем хаттарын оқыды.  Отбасылық тәрбие саласындағы мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламасының түлегі  психолог Базарбаева Гүлжайна Бердіғұлқызы ата-аналарға  бала тәрбиесіне байланысты кеңестер берді.  Отбасылық тәрбие жөнінде  бейнероликтер көрсетілді, ата-аналар сауалнама  толтырды. Жиналыс соңында  ата-аналарға жаднама таратылды.









Комментариев нет
Просмотров: 626
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.09.2014 в 09:21