
Республикалық ата-аналар Конференциясы "Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына психологиялық көмек"
№37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектепте 14 қыркүйек күні «Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына психологиялық көмек» тақырыбында республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Бірінші сынып ата-аналарына арналған конференцияға №37, №21, №13 орта мектептің ата-аналары қатысып, жалпы -292 адамды қамтыды.
Бұл жиналысты мектеп директоры Ахмет Базыл Әлдешұлы ата-аналарға жаңа оқу жылы барысында сәттілік тілеп, Білім және Ғылым вице – министрі Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиевтің атынан келген сәлемхаты және Отбасылық Тәрбиелеу Институты атынан бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сәлемхатты оқыды. Мектептің мерекелік кешін ашуына үлес қосып мемлекетіміздің отбасылық мәселелерге жіті назар аударатындығын, балалардың денсаулығын, оларды тәрбиесі мен білім алуына көп күш пен қаражат жұмсайтындықтарын «Нұр Отан» партиясының төрағасы Дмитриенко Елена Александровна айтып таныстырды. Отбасылық Тәрбиелеу Институтының психологі Муртазоева Светлана Корнидовна кешті жүргізді, яғни ата-аналардың көңілінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, кеңестер айтылды. Бағдарламада ата-аналарға арналған бейне – роликтер,фильмдер көрсетілді, сауалнамалар алынды. Отан мүддесі үшін өскелең ұрпақтардың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.