
«Тәрбие басы - тал бесік» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында «Отбасы» күніне орай «Тәрбие басы - тал бесік» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы ата-аналардың пікірін білу, талқыға салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; тәрбиелеу ісінде кездесетін қиындықтар мен жетістіктер туралы сөз ету. Топтық жұмыстар арқылы тәрбиелік-кеңес алаңында бала тәрбиесіне қатысты келелі мәселелер бағытында өз ойларын ортаға салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Өткізілген іс-шараға 2-сынып ата-аналары қатысты. Дөңгелек үстел барысында қазіргі кезде отбасында кездесетін өзекті мәселелер талқыланды. Ата-аналар өз ойларын ашық айтып, талқыланған мәселелер шешімін тапты.




Комментариев нет
Просмотров: 1444