
"Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны туралы"
2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйек күні өтілген мектеп алдындағы жиында мектеп директоры К.С.Дуйсенова өз сөзінде биыл Ата заңымызға 19 жыл толып отырғанын ,Елордамыз Астанаға 16 жыл толғанын атап өтті.
2014-2015 оқу жылының 1-қыркүйек күні өтілген мектеп алдындағы жиында мектеп директоры К.С.Дуйсенова өз сөзінде биыл Ата заңымызға 19 жыл толып отырғанын ,Елордамыз Астанаға 16 жыл толғанын атап өтті.Мектебіміздегі алғашқы тәрбие сағаттарында «Мемлекеттік рәміздер ұлт мақтанышы!» атты тақырыптарда Конституцияны,Мемлекеттік рәміздерді т.б мерекелерді атай отырып,сынып жетекшілер оқушылармен ой қозғай отырып сабақты ары қарай Елбасының сындарлы жүргізіліп жатқан саясатына,бүгінгі еліміздің тыныштықта өмір сүріп отырғандығы Ата заңымыздың жоғары дәрежеде жүргізілуінен екенін айта отырып,оқушылармен сұхбаттасып пікір алысты.
Мектебіміздің 1 қабатындағы арнайы тақтаға «Конституция –кемел келешектің кепілі» атты тақырыпта Ата заңымыздың суреттері және Елбасының жолдаулары ілінді,шығармалар жинақтары қойылды.Мектеп кітапханасында «Рәміздерім мақтанышым!» атты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қазақстан -2050 стратегиясына» орай «Бір мақсат, бір мүдде, бір ел» тақырыбында мектептегі барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары жүргізілді.