
2014-2015 оқу жылында ағылшын пәні бойынша қыркүйек айында жүргізілген жұмыс есебі
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту.
Биылғы оқу жылында ағылшын пәні бойынша бастауыш 1-2 сыныптарына, 5-10 сынып оқушыларына мемлекеттік бағдарлама бойынша оқу жоспары құрылып,сабақтар жүргізілуде.
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып , онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі жас ұрпақтың танымддық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Замана өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгереді.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса,ескі сүрлеуден арылып,жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.Оқу – тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру,оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету мақсатында мектебімізде 6 - 8 сыныптарыдан эксперимендальды сыныптар ашылды.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді.
Мектебімізде экспериментальды сыныптар ашудағы мақсатымыз
Ағылшын тілін оқып үйренуге қабілетті балаларды ғылым негіздеріне баулу.
Міндеті:
- Мектеп бағдарламасын жан-жақты меңгерту.
- Алған білімдерін ғылыми негіздеу.
- Ғылым негізі бойынша шығармашылық жұмысын дамыту.
Мектептегі оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы сабақтастықты, тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірибелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу мақсатындамектебімізде 17-24 қыркүйек арасында семинар өткізілді. Семинарды Англиядан келгенпрезидент – Блэр Кук, директоры – Роберт Уилсон, директордың орынбасары- Сьюзи Моран бастап келген топтар жүргізді.
Мектебімізге келген шет ел қонақтары оқушылармен кездесіп, Қазақстанға қандай мақсатта келгендерін айтып, оқушылармен пікір алмасты.
Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Сондықтан келешек ұрпағымыздың өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлардың алдын алу, адам ағзасын улайтын зиянды әдеттерге жас жеткіншектеріміздің жирене қарауына бүкіл әлем болып атсалысып, осы мақсатта жұмыстар жүргізіп жүргендері жайлы айтып өтті.