«Жас құтқарушылар» қалалық семинары
2014жылдың 16 қыркүйек күні мектебіміздің оқушылары «Жас құтқарушылар» атты қалалық семинарында болды.
«Жас құтқарушылар» атты қалалық семинардың негізгі мақсаты оқушыларды төтенше жағдайлармен және алдын алу шараларымен таныстыру. Төтенше жағдай адамға қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай екеніне тоқталды. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Сол туралы төтенше жағдай қызметкерлері солардың түрлеріне тоқталып кетті. Дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар. Өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызатыны жайлы айтылды.
Мектеп оқушыларына төтенше жағдай кезінде адамға қалай бірінші көмек көрсету керек екенін көрсеті. Оқушылар қызыға қарап, өздері де қайталап көрді. Бұл шара мектеп оқушыларына төтенше жағдай түрлері туралы толық ақпарат алуларына мүмкіндіктер туғызылды.
Астана қаласы "Алматы ауданы" төтенше жағдайлар бастығы Искаков Мейрам Кабденұлы: « Біздің өткізген іс-шараның басты мақсаты мектеп оқушылары төтенше жағдайда өздері басқа адамдарға көмектесе алатындай және құрал-сайманды пайдалана білетін мамандармен оқушыларды таныстыру. Бұл негізгі мақсатымыз болып саналады», – деді. Төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады .

Жауапты тәлімгер: А.Т Бахаева
Комментариев нет
Просмотров: 567