
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық конференция өтті
Астана қаласының Білім басқармасы мен Отбасылық Тәрбиелеу Институты бірлесе отырып ұйымдастыруымен №51 мектеп-гимназиясында 2014 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 9:30 «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай Республикалық конференция өтті. Конференцияға 1 сынып оқушыларының 195 (соның 15 ата-ана №24 мектептен) ата-анасы қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты: алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға ата-ана тарапынан қандай қолдау көрсету керектігі, бала бойында болатын өзгешеліктерге назар аудару және ата-аналарға психологиялық кеңес беру.
Конференцияға Білім басқармасынның өкілі – Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы, «НұрОтан» партиясының өкілі, ҚазҰУ колледжінің оқытушысы – Асқарұлы Дархан және №51 мектеп-гимназиясының директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы қатысты. Конференцияны жүргізушісі – Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, психолог Ильясова Қымбат Мауленовна болды. Конференция барысында ата-аналарға баланың мектептегі алғашқы күндерінда пайда болатын қиыншылықтарына көмек беру, бала бойында бойында болатын психологиялық өзгешеліктердің себептерімен, оған назар аудару және әрекет ету бағытары түсіндірілді. Жиналыс барысында ата-аналар сауалнама толтырды және жадынамалар таратылды.