Меню KDT

«Біз таза қаланы қолдаймыз» атты жалпықалалық сенбілік

Жамбыл Жабаев  атындағы №4 мектеп-гимназиясында  2014жылдың 20 қыркүйек,  сағат 9.00-13.00 аралығында өтетін «Біз  таза  қаланы  қолдаймыз»  атты  қалалық  экологиялық  сенбілік өткізілді.


Сенбілікке 1-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері қатысты. 7-11 сынып оқушылары С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Ә.Жангелдин, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Қарағанды  көшелерін тазалауға шықты. 6 сыныптар мектеп ауласының тазарту жұмыстарына тартылды. Бастауыш сынып оқушылары сынып бөлмелерін жинады. Барлық сенбілікке қатысқан оқушы - 1650,  мұғалімдер - 68, қызметкерлерден - 15адам шықты.
Сенбілікке барлығы:  1733 адам қатысты. Жалпықалалық сенбілікке мектеп әкімшілігі мен жоғарғы сынып оқушылрының кеңесі ат салысты.


Комментариев нет
Просмотров: 548
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.09.2014 в 00:00