Меню KDT

Біз таза қаланы қолдаймыз!

№48 мектеп – лицейдің ұжымы үшін сенбілікке шығу дәстүрге айналған. Бұл –туған жерін, тұрған қаласын жақсы көретін адамға оны іспен дәлелдеудің тамаша мүмкіндігі болды. Әр оқушы  сенбілік – елордамыздың  сәулеті мен сәнін арттыратын, тазалығы мен тәртібін түзейтін ерекше үрдіс екенін жақсы түсініп ықыласпен кірісті.

Жалпы сенбілікке 2 ауысымнан барлығы 1000 оқушы қатысты. Мектеп айналасын күл – қоқыстан арылтып, гүлзарлардың орнын аударып,қарағаштардың  түбін әктеді. Барлық сыныптар  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен «Астана – біздің ортақ үйіміз. Әр адам тазалықты өз үйінен бастаса, онда бізді қоршаған әлем одан да таза, көркем болады. Тазалықты бірге сақтайық!» деген жолдары бар үнпарақтар ұстады.
Оқушылардың киген көк, сары түсті киімдері, таққан төс белгі мен ленталары сенбіліктің ажарын аша түскендей.
5-8 сыныптар арасында ерекше көзге түсіп, жақсы еңбектенген:
  • 5 «г» сынып жетекшісі: Темиркулова С.
  • 6 «ә» сынып жетекшісі: Қапшаева Г.
  • 7 «ә» сынып жетекшісі: Аюбаева Н.
  • 9-11 сыныптардан 10 «ә», 10 «в» сыныптары үлгі көрсетті.
Сенбілік жұмысын ұйымдастырып, үлкен шараның басы – қасында болған мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы мен оқушыларға «қимылдарың – ширақ істерің - белсенді» болды деп өз алғысын білдіре отырып, қала мектеп тазалығы үшін өз үлесімізді қоса берейік деп үндеу айтты. Осындай тағылымы мол шара өз жалғасын таба берері сөзсіз.  

Комментариев нет
Просмотров: 710
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 22.09.2014 в 15:49