
Психологтарға арналған халықаралық конференцияның жалғасуы туралы
№ 55 орта мектепте АҚШ және Канада елінен келген ұстаздар мен психологтар қауымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Халықаралық конференция ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналады.
Семинардың ашылуын 1 «А» сынып оқушысы Шахизат Арайлым ұстаздарға арналған әсем әнімен мұғалімдердің көңілін баурай білді.
Тақырыбы: «Арманның орындалуы мен қиялды дамыту»
Мақсаты: Жаман әдіттерден аулақ болу және нашақорлықтың алдын алу.
Бұл күні психология ғылымдарының докторы Гэри Стенли «мұғалім жүрегі» атты сабағымен бастады. Семинар ағылшын тілінде өткізілуде. Семинардың екінші бөлімін Бэйзил Оук 1 бөлімдегі 2 ші сабағынан үзінділер оқып, тәжірибесімен бөлісті. Соңғы қорытындылау бөлімі ағылшын ғалымы Идит Оук «Өмір туралы» атты психологиялық тренингпен аяқтады.