Меню KDT

Тіл-татулық тірегі!

Алтын ұя мектебімізде 7- сыныптар  арасында «Тіл-татулық тірегі» тықырыбында  тілдер мерекесіне арналған фестиваль өтті. Қазақ елінің киелі шаңырағы астында әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны бізді қуантады.


Алтын ұя мектебімізде 7- сыныптар  арасында «Тіл-татулық тірегі» тықырыбында  тілдер мерекесіне арналған фестиваль өтті. Қазақ елінің киелі шаңырағы астында әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны бізді қуантады. Әр ұлттың киімін киген оқушылар мектебіміздің мәжіліс залын жайнатып жіберді. Тіл фестиваліне келген ұлттар өз тілінде және мемлекеттік тілде сөйлеп, өз халқының салты мен тыныс-тіршілігімен таныстырды. Тілі ортақ, тілегі бір, ісі ортақ, жүрегі бір ынтымақты өмір сүрген ұлттар татулығын көрсете білді. Екінші номинацияда әр ұлт өз өнерін ортаға  салды. Оқушылардың  өзбек, үйғыр, қырғыз, орыс, украин, неміс, армян,  татар ұлттарының билерін, әндерін жандандырып орындағанына тәнті болдық.
Фестивальдің соңында бір шаңырақтың астына жиналған ұлт өкілдері бәрі қазақ елінің рух көтерер әнін шырқап «Жаса, Қазақ елі!» деп фестивальды аяқтады. Көңілде жақсы сөз, әсем саз қалды. Барлық ұлттар үшін жүрегі кең қазақ халқына деген мақтаныш сезімі қалды. Бұл- біздің мектебіміздің «Тілдер мерекесі» аясында өткізген сәтті бір күні.


  

Нәтижесінде:

Бас жүлде:     8 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі-Бейсембаева М.Ә.

1-орын:          8 «е» сынып оқушылары, сынып жетекшісі –Нұриддинова Б.

2-орын:         7 «а» сынып оқушылары, сынып жетекшісі-Батырханова Н.М.

                     7 «ә» сынып оқушылары, сынып жетекшісі-Аюбаева Н.А.

3-орын:         8 «г» сынып оқушылары, сынып жетекшісі –Төлендиева А.К.

                     7 «г» сынып оқушылары, сынып жетекшісі –Күзембай Ә.И.

                     8 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі- Хамит Р.

Басқа сыныптар белсене қатысқаны үшін марапатталды. Іс-шараның ұйымдастырушысы 7 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Әренова Ж.С. болды.


Комментариев нет
Просмотров: 531
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 22.09.2014 в 18:48