
Тіл – халық жанын танудың кілті
Ю. Гуров атындағы №6 гимназияда қыркүйектің жиырмасыншы жұлдызында Тілдер фестиваль аясында «Тіл – халық жанын танудың кілті» отбасылық сайыс өткізілді. Бұл сайыста отбасылар бірлесе отырып мемлекеттік тілде қазақ халқының тілін, дәстүрін және қонақжайлығын көрсете білді. Сайысымыздың тапсырмалары бірнеше кезеңнен болды. Біріншіден әр отбасы өздері туралы мәлімет берді.
Ю. Гуров атындағы №6 гимназияда қыркүйектің жиырмасыншы жұлдызында Тілдер фестиваль аясында «Тіл – халық жанын танудың кілті» отбасылық сайыс өткізілді. Бұл сайыста отбасылар бірлесе отырып мемлекеттік тілде қазақ халқының тілін, дәстүрін және қонақжайлығын көрсете білді. Сайысымыздың тапсырмалары бірнеше кезеңнен болды. Біріншіден әр отбасы өздері туралы мәлімет берді.
І кезең «Бәйге» деп аталды. Бәйгеде әр отбасыға сұрақ қойылып олар тез және дұрыс жауап берді.
ІІ кезең «Қонақжайлы» деп аталды. Қазақ халқының ұлттық тағамы құрт, қоспа, бауырсақ, қымыз туралы түсінік берді және де көрсетіліп әділ қазылар алқасына ұсынылды.
ІІІ кезең «Қол шебері» деп аталды. Бұл тапсырмада әр отбасы өз шапшандығына, шеберлігіне қарай белгілі уақыттың ішінде өздерінің бірлесе жасаған жұмыстарын көрсете білді. Қазақ халқының оюланған көрпешесін жасады.
ІV кезең «Кім жылдам» деп аталды. Бұл тапсырмада бір қоржыннан екінші қоржынға допты алып апару және қазақ тілінде зат есім сөздерін атау.
V кезең «Өнерлі өрге жүгер» деп аталды. Әр отбасы өздерінің отбасының атынан музыкалық шығармашылығын көрсетті.
Бұл сайыста төрт отбасы қатысты:
4 «А» сыныбынан Мұқан Мақсаттың отбасы
4 «Б» сыныбынан Захарова Валерияның отбасы
4 «В» сыныбынан Газдиева Хадиның отбасы
4 «Г» сыныбынан Бабичева Елизавета отбасы
Отбасылық сайыстың соңында жеңімпаздар белгіленді.
І орынға екі отбасы ие болды Мұқан және Бабичева отбасылары.
ІІ орын – Захаровтар отбасы
ІІІ орын - Газдиевтар отбысы
Отбасымен іс-шараны ұйымдастыруда төртінші сынып жетекшілері көптеген көмек, қолдау жасады. Оқушылар белсенді қатысып би билеп, ән шырқап әдеби тіл туралы ұлы ақындардың ойларын жырлады.
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Ұйымдастырған бастауыш сыныптардағы қазақ тілі мұғалімдері: Л.Ә. Ермекбаева, Ә.А. Үмбетова