
«Қалалық тазалық» күні
Астана қаласы №51 мектеп-гимназияның 20- қыркүйек «Қалалық тазалық» күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен сенбілік өткізілді.
Астана қаласы №51 мектеп-гимназияның 20- қыркүйек «Қалалық тазалық» күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен сенбілік өткізілді. Жоспарға сай аталған шараға сынып жетешілерімен бірге оқушылар , мектеп әкімшлігі, мұғалімдер мен техперсоналдардан құралған 500 ге жуық адам қатыстырылды. Сенбілік таңғы 9.00-де басталып, сағат 12.00-де аяқталды. Қалалық сенбілікке белсенді қатысу мақсатында «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты тақырыпта сынып оқушылармен әңгімелер, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілді. Сенбілікке қажетті бар құрал-жабдықтармен (тырма, курек, сыпырғыш, қолғап . мус.пакет т.б) қамтамасыз етілді.
Өздерінің білім алатын мектеп ауласын тазалауда оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі, музыканың әуенімен бірге әрбір оқушы өзіңе тиесілі жұмысын ұқыпты да, тиянақты атқара білді. Атап айтсақ , 8 «а» сыныбы, сынып жетекшісі Ильясова Қатира .Жалпы сыныпта барлығы 26 оқушы болса, оның 26 қатысты. 8 «ә» сыныбы, сынып жетекшісі Қожанова Нұргүл шықты жалпы сыныпта 27 оқушы болса, соның 25 оқушысы қатысты. Г.Мизамбаева, Ж.Ақпанбетова, Г.Сейтжанова, А.Зермұхамедовалар өз сыныптарымен бірге біркісідей ат салысты. Мектеп оқушылары өздеріне бөлінген жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізіп,біркісідей өз үлестерін қоса білді.
Оқушылардың сынып жетекшілерімен бірге «Сенбілік» сәтінен көрініс
Ал техперсоналдардан құралған топ мектебіміздің барлық ағаштары мен асфальт жиектерін ақтап шықты