
«Тәртіпке бас иген құл болмайды...»
18.09.2014 жылы сағат 12:30 №52 мектеп – гимназиясының акт залында 8-9-10-11 сыныптарға құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жиналыс өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу:
18.09.2014 жылы сағат 12:30 №52 мектеп – гимназиясының акт залында 8-9-10-11 сыныптарға құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жиналыс өткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу:
1.Мектеп ережесін толық сақтау;
- тәртіп;
- сабақтан кешікпеу;
- түрлі топтардың ықпалында кетпеу;
- бала еңбегінің сатылмауы;
- әлімжеттік жасамау;
- ұрлық т.б. мәселелер қаралды.![]() |
Күн тәртібіндегі мәселені қойып, жиналысты ашқан ДТІЖО Л.Аппазова ІІБ ӘПБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Н. Бөрібаевқа сөз берді. Мектеп инспекторы «мектепте өзін-өзі дұрыс ұстай білу, сабаққа дайындалып келу, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, сабақта тыныш отыру, мектеп ішінде дәлізде жүргенде өзінен төмен сыныпта оқитын балаларды жүгіріп қағып кетпей жол беру, сүрініп құлап бара жатса қолтығынан демеп көтеру, яғни, үлкенге - құрмет, кішіге - ізет көрсете білуге, ұстаздарын құрметтеуге шақырды. Қыз балаларға да «біздің қазақтың қыздары шашы ұзын, ақылды, көрікті, ибалы, инабатты болған. Сіздер де сондай болуларыңыз керек.» 2.Киім шешетін бөлме (Раздевалка): Киім шешетін бөлмеде бөгде оқушының сөмкесін ақтарып немесе біреудің сырт киімінің қалтасынан ұялы телефон, ақша және т.б бағалы заттар алушы болмаңдар.Оның соңы жақсылыққа апарып соқтырмайды. Біреудің алып жатқанын көрсеңіздер «ол дұрыс емес, орнына қойыңыз» деп айтуыңыз қажет. Егер сізден жоғарғы сыныпта оқитын оқушы болса, тез арада менің телефон нөмеріме немесе 102-ге қоңырау шалыңыз.
- Кешкі сағат 23 : 00 ден таңғы сағат 06 : 00 аралығында ата-анасыз көшеде жүрмеңіздер. Кешкі 22: 00 ден таңғы 06:00 аралығында интернет клубтарда отыруға болмайды. Мектеп ішінде және аумағында темекі тартушы, насыбай атушы болмаңдар.Негізінде мүлдем қолданбаңдар.Жақсы әдет емес.Бұл бойынша әкімшілік хаттама толтырып ескерту жасалады, бір жыл ішінде қайталанып жасалса, әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынады».
![]() |
Жиналысты қорытындылаған ДТІЖО Л.Аппазова қыз балаларға қатысты «халқымыз қызды тәрбиелеу арқылы ұлтты тәрбиелеген» - дей келе, Мектеп Парламентін сахнаға көтеріп, мектеп өміріне, ішкі тәртібіне араласуға шақырды және жұмыстарына сенім білдірді.
№52 мектеп – гиназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С. Аппазова
Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ ӘПБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Н.Н. Бөрібаев
Әлеуметтік педагог Ә.Б. Ібікен