
Мәнерлеп оқу сайысы
Тіл мерекесіне орай мектебімізде онкүндік өтіп жатыр. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. тіл тақырыбында дебаттар, пікірталас, дөңгелек үстелөтті. сонымен қатар 18 қыркүйек күні "Тілі бірдің - тілегі бір" атты мәнерлеп оқу сайысы болды.
Мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсене қатысып, ат салысты. байқаудың қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында І орынды 5 "Б" сынып оқушысы Біләлов Жайдар, ІІ орынды 5 "А" сынып оқушысы Ғабдуллина Жұлдыз, ІІІ орынды 5 "Б" сынып оқушысы Төлегенова Айгерім жеңіп алса, 7-8 сыныптар арасынан І орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Сапиева Айғаным, ІІ орынды 8"Б" сынып оқушысы Асан Балжан, ІІІ орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Сәндібекова Нұрдана жеңіп алды.
Оқушыларды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
Комментариев нет
Просмотров: 545