Меню KDT

Мәнерлеп оқу сайысы

Тіл мерекесіне орай мектебімізде онкүндік өтіп жатыр. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл тақырыбында дебаттар, пікірталас, дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар 18 қыркүйек күні "Тілі бірдің - тілегі бір" атты мәнерлеп оқу сайысы болды.


Мәнерлеп оқу сайысына оқушылар белсене қатысып, ат салысты. Байқаудың қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында І орынды 5 "Б" сынып оқушысы Біләлов Жайдар, ІІ орынды 5 "А" сынып оқушысы Ғабдуллина Жұлдыз, ІІІ орынды 5"Б" сынып оқушысы Төлегенова Айгерім жеңіп алса, 7-8 сыныптар арасында І орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Сапиева Айғаным, ІІ орынды 8 "Б" сынып оқушысы Асан Балжан, ІІІ орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Сәндібекова Нұрдана алды.
Оқушыларды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.


Комментариев нет
Просмотров: 531
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.09.2014 в 15:02