
«Қазақстан Республикасына қызмет етуге дайынмын!» атты дебат өтті
2014 жылғы қазан айында Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен жоспарланған Бірінші әскери-патриоттық форумның ұйымдастырылуына орай, қыркүйек айының 24 жұлдызында Астана қаласының №4 мектеп–гимназиясында «Қазақстан Республикасына қызмет етуге дайынмын!» атты дебат турнирі өтті.
№4 МГ, №56 МЛ оқушыларының қатысуымен және №4 мектеп-гимназиясы Дебат клубының жетекшісі Д.Ж. Ахметбекованың, алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы майор Ж.А.Ерниязов пен №56 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы аға лейтенант Б.К.Байбулатовтың ұйымдастыруымен дебат турнирі өтті.
Дебат турнирінің мақсаты: оқушылардың бойында Отансүйгіштік сезімін дамыту арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Аталған іс-шараға Астана қаласы Білім Басқармасының алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Шарыпов Сергей Касымович, Астана қаласы қорғаныс істері жөнінідегі департаментінің әскерден тыс бөлімі бастығының уақытша қызметін атқарушы запастағы подполковник Ерекешов Аманғали Мұхамеджанұлы, Астана қаласы қорғаныс істері жөнінідегі департаментінің әскерден тыс бөлімінің маманы Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Тәнекенов Ануарбек Тандыбекович, Астана қаласы «Ауған соғысы ардагерлері ұйымының» бастығының орынбасары Ауған соғысының ардагері Майтканов Қуаныш Құралұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Ауғанстан соғысы ардагерлері Қоғамдық бірлестік кеңесі, «Батыр» журналының редакторы Галиев Ерсайын Ерназарович, Десенттық шабуылдық әскерінің аға лейтенанты Тастанов Марат Сембаевич, аға сержант Ақбергенов Наурызбек Әбдіхалықұлы, ефрейтор Шарапов Виктор, Астана қаласы Ұлттық Ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері капитан Сатымғалиев Елубек Бауыржанұлы, старшина Ормашев Нұрлан Балташұлы, қатардағы жауынгер Әміренов Әсет Асылбекұлы қатысты. Аталған іс-шараға келген қонақтар «өте жақсы» деген баға берді.
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының «Қаһарман» және №56 мектеп-лицейінің «Батыр» топтары арасындағы пікірталас өте қызықты, әрі тартысты болды. Іс-шараның соңында оқушылар әскери қызметкерлерге рахметін айтып, гүл шоқтарын үлестіріп, естелік суретке түсті. Осындай ерлік сабақтарымен қатар, соғыс ардагерлерімен, интернационалист жауынгерлермен өткен кездесулердің жас әскерилерге берер тәрбиелік мәні зор. Мектеп әкімшілігі Қазақстан қарулы күштерінің айбыны мен даңқын насихаттау мақсатында ерлік сабақтары ұдайы өткізіп тұрмақ.
Комментариев нет
Просмотров: 548