Меню KDT

Жаңашылдыққа ұмтылу – заман талабы


Жаңашылдыққа ұмтылу – заман талабы
Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету – үнемі тоқтамайтын қозғалыс десе де болады. Бұл заман талабы. Кез келген адам үйренуін, оқып-тоқуын тоқтатса алға жылжуын да тоқтатады деген сөз. Бізде бұл сөздердің шындық екенін мойындаймыз. Оған куә осы жолғы мектепте өткен жаңашыл коучинг десе де болады.
Қыркүйек айының 16 күні мектеп кітапханасында «Диалогтік оқыту» тақырыбында кезекті коучинг өтті. Коучингке мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары және мектебіміздің құрметті қонағы болған ПШО жаттықтыруысы Толеубаев Мұхтар Мырзағұтұлы қатысты. Коучингтің мақсаты: «Диалог – оқушылардың ойлауын, сабаққа қызығушылығын арттырса, мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамытудың тиімді тәсілі екенін түсіну» болды.
Коучинг кезінде «Сіздерді көргеніме қуаныштымын» деп басталатын сәлемдесу сергіту сәтінен соң топқа бөлініп, тақырыпқа байланысты миға шабуыл жүргізілді. тақырып ашылған соң топтық жұмысқа арналған тапсырмалар берілді. Жұмыс барысында диалогтің түрлері бойынша бейнебаян мен тақырыпқа сай ертегі түрі көрсетілді. Суреттер топтамасы бойынша түрлі тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалар бойынша әр топ белсенді қатысып, постер қорғады. «Тіл – ұлттың тірегі, соғып тұрған жүрегі» демекші аталған коучинг тілдер мерекесі қарсаңында өткендіктен қазақ тілінің мәртебесі мен болашағы да шамадан тыс қалмады. Бөлінген үш топ та «Тіл – ұлттың тірегі» атты шығармашылық жұмыста өздерінің ұлттың, соның ішінде тілдің жанашырлары екендігін көрсете білді. Аталған жұмыстардан соң бағалаудың басқаша түрі қолданды. Яғни, мадақтау сэндвичі «1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлік – келешекке арналған комментарий, маған ұнады, бірақ келесі жолы» деген әр топтың бір-бірін бағалауы болды. Бағалаудан соң кері байланыс кезінде мектеп ұстаздары өздерінің ойларымен бөлісті. Көңіл күйлерін жеткізді. Алдағы уақыттарда осындай коучингтердің жиі өтіп турын, оған белсенді қатысатындарын айтып, жылы тілектерін де жаудырды.
Қорыта келе, диалогтік оқыту – оқушы үшін түсінікті және қызықты сабақ, мұғалім үшін – шығармашылық және табыс кілті, жаттықтырушы үшін – әмбебап педагогикалық технология, басшы үшін – бәсекеге қабілетті ұжым, білім беру жүйесі үшін – дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыру десе де болады.







X


Комментариев нет
Просмотров: 511
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.09.2014 в 15:22